Жанар Байбек елорда сотының судьясы қызметінен кетті, – деп хабарлайды Massaget.kz.
6 қазанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасы соттарының төрағаларын, сот алқасының төрағасын және судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы" Жарлыққа қол қойды.
Құжатта қызметінен босатылған 35 судьяның тізімі берілген. Олардың арасында елордалық сотта судья болып жұмыс істеген Жанар Байбек те бар. Жарлықта ол өз өтініші бойынша қызметінен босатылғаны атап өтілген.
Құжатқа 2023 жылғы 6 қазанда қол қойылған. Ол қол қойылған күннен бастап күшіне енді.
Ашық ақпарат көздерінде Жанар Байбектің Алматының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбектің әйелі екені айтылады.