Түркістан облысында полицейлер дәрігерге шабуылдаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, Сайрам ауданының Ақсукент кентіндегі жеке клиникада пациенттердің бірі ультрадыбыстық кабинетте кезекте тұрғанда жанжал шығарып, рентгенолог-дәрігерге пышақ жарақатын салған. Жәбірленуші ауруханаға жатқызылды.
"Аталған дерекке байланысты оқиға орнына жедел-тергеу тобы дереу шықты. ҚР ҚК-нің 106-бабы 2-бөлігі («Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция ауданның 27 жастағы тұрғынын ұстады", – делінген хабарламада.
Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Фото: polisia.kz