Алматы қаласының экс-әкімі Бауыржан Байбектің әйелі Жанар Байбек қызметінен бостылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бауыржан Байбектің әйелі қызметінен кетті
945
оқылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚР соттарының төрағаларын, сот алқасының төрағасын және судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы» Жарлыққа қол қойды. Осы құжатқа сай, лауазымынан кеткендердің арасында Астана қалалық соттың судьясы болып жұмыс істеген Жанар Байбек те бар.

Мәлім болғандай, Бауыржан Байбектің әйелі өз еркімен қызметінен босатылған.

Жарлық қол қойылған күннен, яғни 6 қазаннан күшіне енді.

Сондай-ақ аталған өкіммен бірқатар өңірде жаңа судьялар тағайындалған және қызметінен босатылған.