Күдіктіге 50 АЕК көлемінде айыппұл салынды.
Шымкент тұрғыны әлеуметтік желіде теріс діни ағымды насихаттағаны үшін жауапқа тартылды
1,873
оқылды

Әлеуметтік желіде теріс діни ағымды насихаттаған 40 жастағы Шымкент тұрғыны жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Теолог мамандардың қорытындысына сәйкес, азамат ҚР-ның діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзған. Заң бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабымен хаттама толтырылып, сот шешімімен 50 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

«Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-профилактикалық іс-шаралар кезінде ақпараттық жүйеге мониторинг жүргізді. Теріс діни мазмұндағы кітаптарды сатумен және сол тектес ақпараттарды таратумен айналысатын ғаламтор беттерін саралады. Нәтижесінде, әлеуметтік желіге жат ағымдағы бейне материалдарды жүктеген 40 жастағы қала тұрғыны күдікке ілінді», – делінген Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

 

Фото: Polisia.kz