Астана қаласы Полиция департаменті бұл жағдайды растады.
Астанадағы құрылыс алаңында 4 жұмысшы биіктіктен құлап кетті
1,413
оқылды

Астана қаласында құрылыс алаңдарының бірінде төрт жұмысшы биіктіктен құлап кетті. Бір адам көз жұмды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қайғылы оқиға 12 қазан күні түс ауа жаңадан салынып жатқан тұрғын үй кешенінің аумағында болған. Ресми ақпаратқа сәйкес, адамдар биіктікте жұмыс істеп жатқан кезде тоғызыншы қабаттан құлап кеткен. Олардың үшеуі 1999 жылы туған, тағы біреуі 2002 жылы туған азаматтар. 24 жастағы жұмысшы алған жарақаттарының салдарынан оқиға орнында қайтыс болды.

Астана қалалық Полиция департаменті бұл жағдайды растады.

Құрылыс алаңында жұмысшылардың құлауына байланысты Қылмыстық кодекстің 277-бабының 3-бөлігі «Құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін бір жұмысшы сол жерде көз жұмды, қалған үшеуі ауруханаға жеткізілді. Тергеу жүргізіліп жатыр, – делінген Астана қалалық полиция департаментінің хабарламасында.