Пациент рентгенолог-дәрігерге пышақ салған.
Түркістан облысында емханаға келген науқас дәрігерді пышақтады
1,065
оқылды

Түркістан облысына қарасты Сайрам ауданында емханаға келген науқас дәрігерді пышақтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Рolisia.kz-ке сілтеме жасай отырып.

Ресми мәліметке сәйкес, Сайрам ауданының Ақсукент кентінде жеке клиникада ультрадыбыстық кабинетке кезекте тұрған пациенттердің бірі жанжал шығарып, рентгенолог-дәрігерге пышақ салған. 

"Жәбірленуші ауруханаға жатқызылды. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы дереу шықты. ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 2-бөлігі "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Полиция ауданның 27 жастағы тұрғынын күдікті ретінде ұстады. Қазіргі уақытта уақытша ұстау изоляторына қамалды. Болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", – делінген ақпаратта.