WBO тұжырымдамасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы германиялық былғары қолғап шебері Винченцо Гуалтьеримен жекпе-жек өткізеді. «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары осы кездесуді көрсетеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегін қайдан көруге болады?
1,296
оқылды

Kazinform-ның жазуынша, АҚШ-тың Техас штатындағы Розенберг қаласында өтетін бокс кешін «Qazsport» телеарнасы 15 қазанда сағат 07:00-ден бастап тікелей эфирде көрерменге ұсынады. Ал «Qazaqstan» ұлттық арнасы Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегін көрсету үшін эфирге сағат 10:00-ден бастап қосылады. 

Айта кетейік, онлайн трансляция qazaqstan.tv, qazsporttv.kz сайттарында және «Qazaqstan.tv» мобильді қосымшасында жүргізіледі. 

Фото: Vesti.kz