WhatsApp-та түрмеден қашып кеткен қылмыскерлер туралы жалған ақпарат тарады, деп хабарлайды Aikyn.kz.
Арқалықтағы түрмеден алты қылмыскердің қашып кеткені рас па?
12,405
оқылды

Қостанай облысының тұрғындары WhatsApp-та түрмеден қашып кеткен қылмыскерлер туралы хабарлама таратып жатыр. Олардың айтуынша, қаруланған 6 тұтқын Арқалықтағы мекемеден қашып кеткен.

Қостанай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті өкілдері бұл ақпаратты жоққа шығарды.

"Қостанай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті әлеуметтік желілерде тараған Арқалықтағы түзеу мекемесінен қашып кеткен сотталғандар туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлайды. Еске салайық, жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған", - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері.