14 қазан күні Күн дискі сақинаға айналғанын көре алады. Ай Күн бетін толық емес, ортасын ғана жабады. Яғни тұрғындарға «жарқырап тұрған сақина» көрінеді. Бұл туралы Aikyn.kz Газета.ру басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Бүгін күн тұтылады
3,334
оқылды

Күннің тұтылуы 14 қазан күні белгілі бір дәліз арқылы өтіп, артынша, 23 қазан күні Ай тұтылады.

Астрономиялық құбылысты АҚШ, Орталық Америка, Колумбия мен Бразилия тұрғындары тамашалай алады. Оның басталуы Тынық мұхит айдынынан, аяқталуы Кариб теңізі акваториясынан көрінеді. Әлемнің ірі обсерваториялары құбылысты тікелей эфирде көрсетеді.

Болжам бойынша, тұтылу уақыты 5 минут 17 секундқа созылады. Бірақ астрономиялық құбылысты көзге ештеңе тақпай бақылау қауіпті екенін ұмытпаған абзал. Қорғаныш қабаты бар оптикалық техника қолданған дұрыс.

Сондай-ақ бұл 2023 жылғы күннің соңғы тұтылуы екенін атап өткен жөн.