Павлодар облысында ішіп алып, көлік айдаған мектеп директоры қызметтен кетті, – деп хабарлады Aikyn.kz Pavlodarnews.kz-ке сілтеп.
Мас күйде көлік айдаған мектеп директоры қызметінен кетті
934
оқылды

Павлодар қаласы әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандырылған сотта мас күйде көлік жүргізген ауыл мектебі директорына қатысты әкімшілік іс қаралды. Сот оны 15 тәулікке әкімшілік қамауға алып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырды.

Іс материалдарына сәйкес Павлодар ауданындағы мектеп директоры мас күйде көлік айдаған.

Білім беру бөлімінің мәліметінше, әдеп жөніндегі кеңесте оған қатаң сөгіс жарияланып, қызметінен босатылған.