Алдағы апта елордада түрлі мәдени іс-шаралар, оның ішінде концерттер, көрмелер, түрлі жанрлық қойылымдар өтеді. Бұл туралы Aikyn.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Астанада алдағы аптада қандай мәдени оқиғалар болады?
990
оқылды

16 қазан күні «Жастар» сарайында сағат 19.00-де DS CREW алғашқы жеке концерті өтеді.

Сонымен қатар «QAZAQSTAN» ОКЗ-да симфониялық оркестр мен Ne prosto orchestra хорының орындауындағы «Сүлеймен сұлтан» Soundtrack концерті өтеді.

17 қазан күні сағат 10.00-де тарихи-мәдени мұра ескерткіштері мен объектілерінің сақталуын қамтамасыз ету орталығында «Қасиетті карта. Елорда ескерткіштері мен нысандарындағы Астана тарихы» лекциясы өтеді.

«Жастар» театрында сағат 18.30-да көрермендерге Қарағанды қаласының С.Сейфуллин атындағы Қазақ драма театрының «Ұлтқа қызмет» спектаклі көрсетіледі. 

«Астана Опера» театрында сағат 19.00-де «Музыка ангелов» концерті өтеді.

Сонымен қатар, «Жастар» сарайында Дина Нұрпейісова атындағы Қазақ халық аспаптары академиялық оркестрінің «Сарайшықтан сәлем саз» концерті өтеді.

18 қазан сағат 11.00-де Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияда «Ел қорғау – нағыз ерлер ісі!» атты әскерге шақырылушыларды мерзімді әскери қызметке салтанатты шығарып салу іс-шарасы өтеді.

Сағат 18.30-да «Жастар» театрында Қарағанды қаласының С.Сейфуллин атындағы Қазақ драма театрының «Қош, махаббат» спектаклі өтеді.

Сағат 19.00-де Бейбітшілік және келісім сарайында Төлеген Мұхамеджановтың Рухани келісім күніне арналған концерті өтеді.

Дәл осы уақытта «Астана Опера» театрында «Богема» спектаклі көрсетіледі.

Сағат 19.00-де «Жастар» сарайының сахнасында халық аспаптары оркестрі мен «Сармат» этнофольклорлық ансамблі өнер көрсетеді.

19 қазанда ЕХРО-да халықаралық аграрлық көрмелер басталады.

Сағат 18:30-да «Жастар» сарайында бүлдіршіндердің сүйікті мультфильмдерінің саундтректері қойылады.

Сағат 19.00-де Қ.Қуанышбаев атындағы театрда «Ғажапқа толы әуен» халық аспаптар ансамблінің концерті өтеді.

20 қазан күні сағат 10.00-де Сәкен Сейфуллин мұражайында «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» көрмесі басталады.

Сағат 14.00, 16.00-де Қуыршақтар театрында «Отбасылық альбом» спектаклі өтеді.

Сағат 19.00-де «Астана Опера» театрында «Шелковая лестница» опера-фарсы өтеді.

Дәл осы уақытта әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында «Алиса ғажайыптар елінде» цирк, театр шоуы өтеді.

21 қазанда «Жастар» сарайында бүлдіршіндерге арнап «Синий трактор» музыкалық спектаклі қойылады. Өтетін уақыты: 11:00, 14:00, 17.00.

Сағат 12.00 және 16.00-де Қуыршақтар театрында «Отбасылық альбом» спектаклі көрсетіледі.

Сағат 18.00-де Ә.Мәмбетов атындағы Мемлекеттік драма және комедия театрында «Боранды бекет» спектаклі өтеді.

22 қазан күні сағат 13:00, 15:00 және 17:00-де «Қазмедиа Холл» сахнасында «Алиса на каникулах» балалар театрландырылған шоуы өтеді.

Сағат 19.00-де Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияда Құдайберген Бекіштің концерті өтеді.