Kazinform-ның жазуынша, бұл ақпарат бірқатар БАҚ ресурстарында тарады. Кейбіреуі таяқ жеген тергеушінің әйел екенін жазды.
Осы жағдайға Облыстық полиция департаментінің бастығы Василий Скляр әлеуметтік желіде түсінік берді.
Оның айтуынша, 13 қазан күні Павлодар қалалық полиция басқармасы Солтүстік полиция бөлімінің тергеушісінен осы бөлім бастығының орынбасарына шара қолдану туралы өтініш түскен.
«Менің тапсырмам бойынша Полиция департаменті аталған факті негізінде қызметтік тергеу бастады. Болған оқиғаның мән-жайы мен себептері тексеру барысында анықталады», – деп жазады Василий Скляр.
Қызметтік тергеудің нәтижесі бойынша полиция қызметкерінің әрекетіне құқықтық баға беріледі.