Ресей президенті Владимир Путин Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің рөлін жоғары бағалап, оны әлем мойындаған көшбасшы деп атады.
Болашақтағы әлемдік көшбасшы: Путин Си Цзиньпинді мақтады
724
оқылды

Бұл туралы Aikyn.kz  ТАСС агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Ол, әрине, әлем мойындаған көшбасшылардың бірі. Қандай да бір ағымдағы жағдайға байланысты бір сәтте шешім қабылдамайды, жағдайды бағалайды, талдайды және ертеңін ойлайды. Бұл өте маңызды”, - деді Ресей президенті.

Путиннің пайымынша, Си Цзиньпин мүлде бөлек адам. Ол ұқыпты, сабырлы, іскер және сенімді серіктес.

“Егер біз онымен қандай да бір жағдай туралы келіссек, келісімдеріміз орындалатынына сенімді бола аламыз», - деді Ресей басшысы.

Путин сонымен қатар Қытай Халық Республикасы төрағасымен 40-тан астам рет кездескенін, ол көптеген жағымды естеліктер қалдырғанын атап өтті. Мәселен, 2019 жылдың маусым айында Қытай Төрағасының Ресей Федерациясына сапары кезінде Си Цзиньпинмен бірге Санкт-Петербургке сапарын, «Аврора» крейсеріне бірге мініп, Невада қайықпен жүзгенін еске алды.

«Біз өте ұзақ уақыт бойы толық бейтарап, достық атмосферада екіжақты қарым-қатынастар, әлемдегі жағдай туралы сөйлестік», - деді Ресей президенті.

Путин сонымен қатар Си Цзиньпиннің 2023 жылдың наурыз айында болған Ресейге сапарын еске алды.

«Бұл өте жақсы іскерлік сапар болды, біздің елдеріміздің болашақтағы дамуы үшін өте маңызды. Сондықтан енді Қытайда кездесу жоспарланған кезде бұл дәстүр жалғасын табады деп сенемін», - деп түйіндеді ол.

Фото: РИО