Ішкі істер министрлігі жеке куәлікті жеделдетілген тәртіппен алу құнын төмендетеді. Бұл туралы құжат “Ашық НҚА” сайтында жарияланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қазақстанда жеке куәлікті жеделдетілген тәртіппен алу құны төмендейді
4,646
оқылды

Құжатқа сәйкес Астана, Алматы мен Шымкент, облыс орталықтарында жеке куәлікті жедел дайындау құны 1 611 теңгеге төмендейді. Ал аудан мен облыс қалаларында 439 теңгеге арзандайды. 

"Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын көрсететін жеке басты куәландыратын құжаттарды жеделдетілген тәртіппен беру бойынша көрсетілетін қызмет бағаларының прейскурантын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 22 ақпандағы №143 бұйрығына түзетулер мемлекеттік монополияға жататын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің "Ақпараттық-өндірістік орталығы" қызметтерінің бағасын төмендету жағына қарай, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің түзетулеріне байланысты енгізіледі”, – делінген құжатта.