Бейнежазбада сәлделі ер адам әйелге «Бұл жер әжетхана емес, кет дедім, кет!» – деп дауыс көтерген. Ол әрекеті желіде үлкен дау тудырған еді. ҚМДБ өкілдері видеодағы ер адамның кім екенін анықтап, оның қай жерде түсірілгенін айтты. Тұрған жерлері мешіт емес, Түркістан облысындағы шағын намазхана екен.
Біріншіден, кешегі болған жағдай үшін барлығыңыздан кешірім сұраймын. Мен осы жердің тазалығына қарайтын әншейін жамағатпын. Имам да, ұстаз да емеспін. Кеше қайта-қайта келіп, тыныштық бермей, дәретхананы ластап кете бергеннен кейін ол кісілерге ұрысқанмын. «Келмеңдер, бұл жер әжетхана емес» дедім. Кейін қайтадан келіп тұр, сол кезде дауыс көтергенім рас.
Мұндай жағдай күнде болады. Өткен-кеткеннің бәрі келіп, тұрып дәрет сындырып, ішін ластап кетеді. Жаныма батқаннан айтқаным рас, мойындаймын. Барлық дін өкілінен кешірім сұраймын, енді қайталанбайды», – деді өзін Есей Ерұлы деп таныстырған ер адам.