Бұл – Герат провинциясында кейінгі уақытта болған үшінші жер сілкінісі.
Ауғанстанда тағы бір күшті жер сілкінісі болды
1,162
оқылды

Ауғанстандағы Герат провинциясында 6,3 магнитудалық тағы бір күшті жер сілкінісі болып, ондаған тұрғын зардап шекті, – деп хабарлайды Aikyn.kz Euronews-ке сілтеме жасап.

Ауғанстанның солтүстік-батысында орналасқан Герат провинциясында болған 6,3 балдық жер сілкінісі салдарынан кем дегенде бір адам мерт болып, ондаған адам жарақаттанды.

Артынша магнитудасы аз тағы екі дүмпу болған.

Төтенше жағдайларды жою жөніндегі ұлттық билік өкілдері жер сілкінісінің ошағына жақын жерде қирау дәрежесі әлі бағаланып жатқанын айтты.

ДДСҰ-ның мәліметінше, 7 қазанда жерасты дүмпулері салдарынан 1400-ге жуық адам қаза тапқан.

Ал 11 қазандағы кезекті жер сілкінісінен бір адам мерт болып, жүздеген тұрғын жарақат алды.

Алғашқы жер сілкінісінен бері провинция тұрғындары үйлеріне қайтуға қорқып, шатырларда түнеп жатыр.

 

Фото: cdnuploads.aa.com.tr