Ақын Несіпбек Айтұлы 73 жасында дүниеден озды.
Танымал ақын Несіпбек Айтұлы қайтыс болды
2,775
оқылды

Белгілі ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері Несіпбек Айтұлы қайтыс болды. Бұл туралы ақын Ұларбек Нұрғалымұлы Facebook-тағы парақшасында хабарлады, – деп жазды Aikyn.kz.

"Өзі айтпақшы, “бурадай басқан жерін солқылдатқан” не бір дүлдүлдер өткен дүние.

Бақұл болыңыз, айбоз ақын!" – деп жазды Ұларбек Нұрғалымұлы.

Несіпбек Айтұлы 1950 жылы Шығыс Түркістанның Тарбағатай аймағында туған. 12 жасында ата-анасымен бірге атамекеніне оралады. Орта мектепті бұрынғы Семей облысына қарасты Баршатас ауылында оқыған. 

Ақын еңбек жолын Шұбартау аудандық «Жаңа өмір» газетінде бастады.

1974 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің Журналистика факультетін бітірді.

2001 жылдан бастап Астана қаласына қоныс аударып, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде, Президент жанындағы Мәдениет орталығында қызмет істеді.

Соңғы қызметі – Астана қаласындағы С.Сейфуллин атындағы музей директоры болып еңбек етті.