Қайғылы оқиға 16 қазанда болған.
Ақтөбе облысында екі адам жол апатынан көз жұмды
465
оқылды

Ақтөбе облысында жол апатынан екі адам қаза тапты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Полиция мәліметінше, қайғылы оқиға 16 қазанда болған.

«Toyota және Hyundai автокөліктері соқтығысып, соның салдарынан HYUNDAI автокөлігі инерциямен MAN жүк көлігіне соққан. Оқиға салдарынан Маңғыстау облысының тұрғындары – Hyundai автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды», – делінген хабарламада.

Аяғы сынған жүк көлігінің жүргізушісі ауруханаға жатқызылды.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

фото: zakon.kz