Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен, Ұлттық академиялық кітапхананың ұйымдастыруымен 24 қазан – Кітапханашылар күні мерекесіне орай 18, 19 қа­зан күндері республикалық «ЖАС КІТАПХАНАШЫ 2023: ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР УАҚЫТЫ» атты жастар лабораториясы өтеді.
Жаңа мүмкіндіктер уақыты
690
оқылды

Altyn Qyran Foundation қоғамдық қорының демеушілігімен өтетін жастар форумына Назарбаев университеті, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, М.Нәрікбаев атындағы ҚазГЮУ университетінің ғылыми кітапханалары қолдау көрсетеді.  

Іскерлік кездесудің мақсаты – салаға келген жас кітапханашы­лардың мамандыққа деген сүйіспеншілігі мен кәсіби біліктілігін шыңдау, жас мамандардың  өнімді әрі сапалы жұмыс істеуіне көмектесу, өзара тәжірибе алмасуына ықпал ету, іскерлік қабі­леттерін дамыту. 

Жастар лабораториясы аясында кітапханашылар Назарбаев университеті, М.Нәрікбаев атындағы ҚазЗУ, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ ғылыми кітапханаларына, Ұлттық академиялық кітапханаға арнайы экскурсия жасап,  кітапхана саласы бойынша мәдени, білім ошақтарында ұйымдастырылған панельдік, форсайт сессияларға, практикалық семинарларға, тәжірибелі мамандардың шеберлік, іскерлік сағаттарына қатысып, тәжірибе алмасады.  Жаңалыққа жаны құштар жастар арасында заманауи кітапхананың келбеті, кедергісіз кітапхана, кітапханадағы әлемдік ақпараттық ресурстар сынды түрлі тақырыпта тренингтер мен дискуссиялық панель, QUIZ интеллектуалдар сайысы өтеді, жастар креативті ойларын ортаға салады. 

Алдын ала әлеуметтік желіде өткен «Жас кітапханашы – 2023: жыл таңдауы» байқауының үздіктері анықталып,  жеңімпаздар арнайы сертификаттармен, бағалы сыйлықтармен марапатталады. 

Фото: kazgazeta.kz