Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев жұмыс сапарымен Жаңаөзен қаласына барды. Мұнайлы қалаға үш күндік жұмыс сапарымен келген өңір басшысы Теңге, Қызылсай, Рахат және Кендірлі сияқты қала маңындағы ауылдарда есептік кездесулер өткізді. Жұмыс сапарының соңғы күні әкім қала жұртшылығымен жүздесті.
Әкім халыққа есеп берді
1,767
оқылды

Биыл іргетасы қаланғанына 55 жыл болған қаладағы тұрғын үй қорын жаңарту ха­лықтың өмір сүру деңгейін жақ­сартудың маңызды мін­деттерінің біріне айналып отыр. Өйткені мұн­дағы тұрғын үй қорының апат­ты жағдайы мен әбден тозығы жетуі күн тәртібінен түс­пей тұр. Мұндай жағдайда тұрғын үйді жаңғырту мәселесі бірінші орынға шығады. 

2022 жылдан бастап Жаңа­өзенде 2020–2025 жылдарға ар­налған «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй-коммуналдық даму бағдарламасына сәйкес, тұрғын үй қорын жаңарту бағдарламасы жұмыс істейді. Осы мақсаттарға бюджеттен 1,2 млрд теңге бөлінді. Қазір Жаңаөзен қаласында 262 көпқабатты үй бар, оның 232-сі 1960–1980 жылдар аралығында салынған. Ағымдағы жөндеу жұ­мыстары аясында оyың екеуі апат­ты деп танылып, 200-ден ас­там тұрғын басқа үйлерге кө­шірілді. 

Сонымен қатар қалада күр­де­лі жөндеуді қажет ететін 52 тұр­­­­­ғын үй бар. Қазір оның 15-і «Нұр­лы жер» бағдарламасы есебінен жөнделді. Ал қалған 37 ғимарат үшін кезең-кезеңімен қалпына кел­тіру жұмыстары жос­­­пар­­ла­нуда. Бұл шаралар қала тұрғын­дары үшін үй жағдайын жақсар­туға бағытталған. Сон­дай-ақ Жа­ңа­­өзенде 40 ескі үй бар, олар­дың қазіргі жағдайын анық­тау үшін сараптамалық бағалау жүр­гізуге жіберілді. Талдау нәти­жесі белгілі болған соң апатты деп танылған ғи­мараттар бұзы­лып, қалғаны күр­делі жөн­деуден өтеді.

Жаңаөзен тұрғындарын тол­ғандыратын тағы бір мәселе – су тапшылығы. Қалада жазда – ор­таша есеппен тәулігіне 42 мың текше метр, ал қыста тәулігіне 30 мың текше метрге дейін су беріледі. Бұл мәселені шешу үшін 2025 жылға дейінгі кешенді даму жоспары шеңберінде қуат­тылығы тәулігіне 50 мың текше метр теңіз суын тұшыту зауытын іске қосу жоспарланған. Соны­мен қатар қа­лада 2023 жыл­дың соңына дейін сумен жабдықтау, кәріз жүйелерін қайта құру және кеңейту жос­парлануда. ТҮКШ инженерлік жүйелерін жаңарту сумен жаб­дықтау сапа­сын жақ­сартуға мүм­кіндік береді. 

Халықпен алты сағаттық кез­десуде тұрғындар әкімге жұ­­мыспен қам­ту, медициналық қыз­мет сапасы, бизнесті дамыту, ескі көп­­пәтерлі үйлерге күрделі жөн­деу жүргізу сияқты түрлі сұрақтар қойды. Есепті кездесуге қатысқандардың кейбірі тұрғын үй алуға жәрдемдесу, сондай-ақ мұнай-газ саласына жұмысқа ор­наластыру туралы өтініш жасады. Нұрлан Ноғаев халықтың туын­дайтын барлық мәселесін қол­даныстағы заңнама шеңберінде шешу қажет екенін атап өтті.

– Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында мемле­кет­тік органдардың жұмы­сын­да әділдік пен ашықтық қағидат­тарын басшылыққа алудың маңыздылығын біл­дірді. Ол халықта туындайтын барлық мәселе, соның ішінде жұмысқа орналасуға және ауыз­суға қол жеткізуді қамтамасыз ету­ге бай­ланысты мәселелер қол­д­а­ныс­тағы заңнамаға сәйкес қатаң ше­шілуі тиіс екеніне ерек­ше назар аударды. Мұнай-газ са­ласына жұмысқа орналасуға ке­летін болсақ, мен келісілген алгоритмнің талаптарын сақта­май, барлығын, тіпті кезексіз ұйымдастырудың мүмкін еместігі туралы бірнеше рет айттым. 

Біз әрқашан ашық диалог қ­ұ­руға дайынбыз. Алайда осы тұста менің атап өткім келетін мәселе – тек мұнай өнеркәсібінде ғана емес, басқа салаларда да қыз­мет атқару мүмкіншіліктерін қарау керек. Мәселен, көптеген тұр­­­­­ғын­­­­­­­­­­­­­­­дарымыз дәрігерлердің тап­­­­­шы­­­­лығы туралы айтады, осы мә­се­­­­лені шешу үшін мемлекет көп­­­­­­­­­­­те­ген гранттар бөліп, тегін білім беруде. Сондай-ақ биз­нес­пен айналысамын дейтін жан­­дар­ға мемлекеттік қолдау ша­ра­­ла­­­­рына кепілдік береміз. Со­­­­­­­ны­­­­­­­­­­­­­­­мен қатар болашақта жасыл энер­­­­­гетика, ауыл шаруашылығын да­­­­­­мыту және басқа да көптеген жаңа салаларда мүмкіндіктер өте көп, – деді Маңғыстау облы­­сының әкімі. 

Есепті кездесу аяқталған соң, Нұрлан Ноғаев Жаңаөзен қала­сының 88 тұрғынын қабылдады. Ал үш күндік іссапар барысында аймақ бас­шысы жалпы есепте 145 тұрғын­мен жеке кездесіп, мәселесін тың­дады.

Сағындық РЗАХМЕТОВ,

Маңғыстау облысы