Сот үкімімен 40 сағат қоғамдық жұмысқа тартылған әнші Төреғали Төреәлі Алматы қаласындағы саябақтардың бірінде жұмыс істеп жүр, деп хабарлайды Aikyn.kz.
Төреғали Төреәлі Алматы саябақтарының бірінде көше сыпырып жүр
820
оқылды

Эстрада әншісі әлеуметтік желідегі парақшасына видео жүктеп, әр адам заңға бағынуға міндетті екенін айтқан.

«Сот үкімі бойынша мен 40 сағат қоғамдық жұмысқа тартылдым. Түске дейін саябақты тазаладық. Бұл – менің Тәуелсіз Қазақстаным, Отаным, елім, жерім. Әлбетте, Әнұраны бар, көк Туы бар елдің міндетті түрде заңы болады. Ол заңға бағынуымыз керек. Ұлы дала баласы, ұлы даласын сыпырып, тазалап жатыр», – деп жазады Төреғали Төреәлі.