Оқиға 17 қазан күні болған.
Көкшетауда мектеп ғимаратынан оқушылар мен мұғалімдер эвакуацияланды
1,252
оқылды

Көкшетау қаласындағы №2 орта мектеп-лицейіне жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түскен. Aikyn.kz бұл туралы Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жарылғыш зат туралы хабар 17 қазанда Көкшетау қалалық Полиция басқармасына келіп түскен.

"Айтылған мекенжай бойынша шұғыл қызметтер, арнаулы және құқық қорғау органдарының мамандары бағытталды. Білім беру мекемесінен 1279 оқушы мен 79 мұғалім және әкімшілік қызметшілер эвакуацияланды. Жарылғыш техниктер мен кинолог мамандар жүргізген тексеріс кезінде жарылғыш зат туралы ақпарат расталмады. Осы дерек бойынша сотқа дейінгі іс қозғалып, жедел-іздестіру және тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", – деп жазылған хабарламада.