Ой-талқы «Әділетті Қазақстан және ұлттық құндылықтар» тақырыбына арналды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Жиында ақын, ғалым, имиджеология курсының авторы, ақын, ЕҰУ Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының доценті Оңайгүл Тұржан ұлттық имиджді ақпараттық шабуылдардан қорғау және дәріптеу маңызды екенін айтты. Ондай шабуылдар, бірінші кезекте сыртқы формаларды насихаттау арқылы жасалатынын жеткізді.
«Маршал Г.Жуков «Әскери киім – ерлік жасауға ұмтылдыратын алғашқы қадам» деген екен. Яғни, сыртқы жаңа форма ішкі мазмұнды, ішкі ұғымды сол форманың сипатына, идеясына қарай өзгертеді. Демек, ешқандай сөз айтпай-ақ, өз идеяңды сыртқы форма арқылы да таратуға болады. Сондықтан біз, бірінші кезекте, сыртқы ұлттық имиджге селкеу түсірмеуіміз керек. Сыртқы форма түріндегі ұлттық элементтері бар киім, тұрмыстық заттар, т.б. дүниелерді сәнге айналдару амалын табу визуалды қоғам үшін аса маңызды», – деді Оңайгүл Тұржан.
Бұған дейін Мәдениет қайраткері Қанат Айтбаев еліміздегі мектептерге салт-дәстүрлер пәнін енгізу керек екенін айтқан болатын.