Мәжілістің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ҚР Ұлттық қорынан балаларға арналған қаражатты есептеу, төлеу және пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңының Сенат жаңа редакцияда ұсынған жекелеген баптарды қарап, енгізілген түзетулерге келісті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Заң жобасы депутаттардың бастамасымен Қазақстан Парламенті Мәжілісіне 2023 жылғы 23 мамырда енгізілген болатын. Оның негізгі мақсаттары – кәмелетке толған кезде жиналған қаражат есебінен тұрғын үй жағдайларын жақсартуға немесе білім алуға мүмкіндік жасау мақсатында келешек ұрпаққа қолдау көрсету.
Биыл 23 қыркүйекте Қазақстан Парламентінің Мәжілісі қабылдаған заң жобасы Сенат қарауына жіберілді. 13 қазанда Сенат заң жобасына 10 түзету енгізіп, кері қайтарды. Оның ішінде 5 түзету редакциялық нақтылау сипатында болса, келесі 5 түзету заңның жекелеген нормаларын ішкі және заңнамалық актілерге сәйкес келтіруді көздейді.
– Атап айтқанда, мақсатты жинақтауда бірыңғай зейнетақы қорындағы шоттарға аудара отырып, екінші дейгейлі банктерде, Ұлттық пошта операторында ашылған банк шотына аударуды реттейтін нормалардағы долларды теңгеге аудару мүмкін емес, бұл аудару кезінде деп өзгертілді, – деді Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Берік Бейсенғалиев.
Сонымен қатар Қазақстанның Тұңғыш президенті – Елбасы туралы конституциялық заңның қолданылуының тоқтауына байланысты терминологиялық біріздендіру үшін Қазақстанның арнаулы мемлекеттік органдары туралы заңға түзету енгізілді.
– Сенат енгізілген түзетулер заң жобасының тұжырымдамалық ережелерін өзгертпейді. Жоғары айтылғандарды ескеріп, комитет Қазақстан Парламенті Сенатының өзгерістері және толықтырулармен келісуді ұсынады, – деді депутат.