Бұған дейін Израиль билігі қаза тапқан және хабар-ошарсыз кеткен азаматтары туралы ақпарат таратты.
"Біреуі қайтыс болды, екеуі жоғалып кетті": ҚР СІМ Израильдегі қазақстандықтар туралы мәлімдеме жасады
1,405
оқылды

Израиль Сыртқы істер министрлігі бір қазақстандық қаза тауып, екеуі хабар-ошарсыз кетті деген ақпаратты таратты. Қазақстандық СІМ бұл деректерді жоққа шығарды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

 

Қазақстан СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров ведомство Израильде хабар-ошарсыз кеткен және қаза тапқан екі қазақстандық туралы ақпаратты жоққа шығаратынын мәлімдеді.

Бұған дейін Израиль СІМ шет мемлекеттердің қаза тапқан және хабар-ошарсыз кеткен азаматтары туралы ақпарат таратқан болатын. Олардың айтуынша, 218 адам қаза тауып, 78 адам хабар-ошарсыз кеткен.

Фото: iStock.com/John Theodor