Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасына ресми сапары аясында Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының орталығы Үрімжі қаласына келді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан Президенті Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы ҚКП хатшысы Ма Синжуймен кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр. Кездесу барысында аймақтық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланады.