22-28 қазан аралығында Қытайдың Ханчжоу қаласында IV Азия пара ойындары өтеді. 4 жылда бір рет өткізілетін жарыста спорттың 22 түрінен 564 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
Параспортшылар жарысқа тастүйін дайын
1,008
оқылды

Байрақты бәсекеге еліміздің аты­нан 131 спортшы қатысады, олар 14 спорт түрінен 485 медаль жиынтығы үшін таласады. Олар пара жеңіл атле­тика, пара пауэрлифтинг, пара нысана көздеу, пара таэквондо, пара үстел теннисі, пара жүзу, пара дзюдо, пара каноэ, пара ескек есу, пара садақ ату, пара велоспорт, волейболды отырып ойнау, бочча және шахмат сияқты жарыстарда бақ сынайды. Айта кете­йік, атлеттеріміз спорттың пара таэк­вон­до, пара велоспорт, пара каноэ, пара ескек есу және бочча түрінен Азия пара ойындарында алғаш рет өнер көрсетеді.

Ойындардың ашылуы мен жабы­луы салтанатында еліміздің Туын ұстаушылар – волейболдан Азия чем­пио­натының күміс жүлдегері парас­порт­шымыз Жанғали Сүйеуов және пара үстел теннисінен халықаралық жа­рыс­тардың чемпионы Алтынай Ер­жан­қызы.

«Бүгінге дейін Азия Пара ойын­дарына дайындық аясында ұлттық құрамалар спорттың 14 түрінен 40-тан астам оқу-жаттығу жиынын өткізді. Спортшылар оқу-жаттығу жиындары кезінде қалпына келтіру шараларынан толықтай өтіп, қажетті медициналық препараттармен қамтамасыз етілді», – деп атап өтті Туризм және спорт вице-министрі Сәрсен Құранбек.

Естеріңізге салсақ, спортшылар мен жаттықтырушыларды біржолғы қаржылай қолдау Азия ойындарының жүлдегерлерімен бірдей мөлшерде болады. Осылайша, Азия Пара ойын­дарының чемпионы атанған спортшы 10 мың АҚШ доллары, ал алтын медаль иегерін жарысқа дайындаған жаттықтырушы – 5 мың АҚШ дол­лары көлемінде ақшалай сыйақы ала­ды. Құрлықтық біріншіліктің күміс жүлдегеріне – 5 мың АҚШ доллары, ал оның жаттықтырушысына 3 мың АҚШ доллары беріледі. Сондай-ақ қола медаль жеңіп алған ұлттық құ­ра­маның спортшысы үшін 3 мың АҚШ доллары көлемінде ақшалай ынта­ландыру және оның жаттықтырушысы үшін 2 мың АҚШ доллары көлеміндегі сыйлық қарастырылған.