Тек жалақыға күн көріп жүрген азаматтардан табыс декларациясы сұралмайды.
Қазақстанда декларация тапсыру процесі жеңілдейді
1,739
оқылды

Қазақстанда декларация тапсыру процесі жеңілдетілді. Салық кодексіне енгізілген түзетулер негізінде енді қазақстандықтар 15-ші қыркүйекке дейін есеп беруге міндеттеледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қаржы вице-министрі Ержан Біржановтың айтуынша, бұл бірыңғай мерзім және қазіргі процеске қарағанда ыңғайлырақ. Себебі, бүгінге дейін декларацияны жеке тұлғалар 15 шілдеге дейін қағаз жүзінде, 15 қыркүйекке дейін электронды түрде өткізуге тиіс еді. Енді тек бірыңғай мерзім болады.

Сонымен қатар, тек жалақыға күн көріп жүрген азаматтардан табыс декларациясы сұралмайды. 

"Біз олардың деректерін жалақы беретін мекемелердің 200 нысанасы арқылы көре аламыз. Сондықтан жеке азаматтарға декларацияны тапсыру керек емес. Бірақ айта кету керек концепция сақталу үшін бастапқыда жалпыға бірдей декларацияға кіру үшін 250-бап көрсетіледі. Сол бапқа байланысты барлық активтер көрсетіледі", – деді ҚР Қаржы министрінің орынбасары Ержан Біржанов.