Коммуналдық апат 18 қазан күні болған.
Петропавлда кәріз коллекторы жарылып, көшелерді су басты
778
оқылды

Петропавлда негізгі кәріз коллекторларының бірі жарылып, көшелерді су басқан. Қазір апат орнында екі бригада жұмыс істеп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Коммуналдық апат кеше, 18 қазан күні Абай және Әуезов көшелерінің қиылысында болған. Салдарынан Абай көшесін су басып, аққан су жақын маңдағы көпқабатты үйлердің жертөлелеріне де кірді.

«Көшедегі №86 үй аумағындағы диаметрі 800 мм-лік кәріз коллекторы зақымданған. Қазіргі уақытта кәріз суларын тарту жұмыстары ұйымдастырылды. Оқиға орнында 16 адамнан тұратын төрт жедел топ пен қажетті құрал-жабдықтар жұмыс істеп жатыр», – деп хабарлады «Қызылжар Су» ЖШС баспасөз қызметі.

Оқиға орнында жұмыс істеп жатқан бригадалар құбырдың жарылуына не себеп болғанын анықтап, қалыпқа келтіреді.