Құжатты жария талқылау 2 қарашаға дейін жалғасады.
Қазақстанда тағы екі кәсіби мереке пайда болуы мүмкін
2,760
оқылды

Елімізде жаңадан екі кәсіби мереке пайда болуы мүмкін, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы ақпарат "Ашық НҚА" порталында жарияланды.

"Кәсіби мерекелер тізбесі "Қазақстан Республикасының Азаматтық авиация қызметкерлері күні – 1 ақпан"; "Бұрғылаушы күні – қарашаның үшінші сенбісі" тармақтарымен толықтырылсын", - делінген бұйрық жобасында.

Құжаттың негіздемесінде көрсетілгендей, 1991 жылдың 1 ақпанында Алматы әуежайында Қазақстанда алғаш рет авиациялық қауіпсіздік қызметі құрылған. Бүгінде бұл салада 3 мыңнан астам маман қызмет етеді.

Осылайша жаңартылған тізімге сәйкес елдегі кәсіби мерекелердің жалпы саны 53 болмақ.