Осы уақытқа дейін ер адамды полицейлер мен волонтерлер іздестіріп келген.
СҚО-да егіс алқабынан ер адамның денесі табылды
605
оқылды

Солтүстік Қазақстан облысында егіс алқабынан ер адамның мәйіті табылды. Белгілі болғандай, өлі табылған Петропавл тұрғыны биыл шілде айынан бері іздеуде болған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қыркүйек айында Қызылжар ауданы Вишневки ауылынан төрт шақырымдай жердегі егістік алқабынан жергілікті тұрғын шөп шабу кезінде адамның қаңқасының қалдықтарын тауып алған.

«Сараптама қорытындысы бойынша табылған мәйіт 2023 жылдың 27 шілдесінде үйінен белгісіз бағытта шығып, қайтып оралмаған 44 жастағы Петропавл тұрғынына тиесілі», – делінген ақпаратта.

Осы уақытқа дейін ер адамды полицейлер мен волонтерлер іздестіріп келген.