Мамандар алдағы демалыс күндері таулы аймақтарда жауын жауып, ел аймақтары айтарлықтай салқындайтынын жеткізді.
Қай аймақтарда күн суытады?: Синоптиктер ауа райы болжамын жариялады
31,772
оқылды

«Қазгидромет» мамандары Қазақстан бойынша 21-23 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, елімізде 15 қазаннан 28 қазанға дейін терең күз деп аталатын метеорологиялық маусым болады. Бұл кезде табиғат, кішкене тәуліктік кешігумен, күзден қысқы климаттық арнаға ауысады. 

Осы демалыс күндері ел аймақтары айтарлықтай салқындайды.

Мамандар солтүстік атлантикалық циклон мен скандинавиялық антициклон әр түрлі фазаларда жауын-шашын тудыратынын және бұл күндізгі жылыну процесін шектейтінін болжады. Еліміздің оңтүстігінде жаңбыр, таулы аймақтарда жаңбырдың соңы қарға ұласады.

Еліміздің солтүстігінде және орталығында түнде 0-5 аяз болады, күндіз ауа температурасы 2-12 градусқа дейін жоғарылайды. Ал дүйсенбіде ауа температурасы 3-5 градусқа болжанған. Республиканың батысында, оңтүстігінде және шығысында салыстырмалы түрде жылы ауа райы сақталады.