Олар – Алматы қаласы, Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, БҚО, Қызылорда, Қостанай және Павлодар облыстарының тұрғындары.
Несиесін төлей алмаған 12 адам суицидке барған
525
оқылды

Қазақстанда кредит алып, қарызға белшесінен батқан 12 адам өзіне қол жұмсаған. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

 

Вице-министрдің дерегінше, азаматтардың шектен тыс несие алуының соңы қайғылы жағдайға әкеліп соғып жатыр.

"Әрине, адам несие рәсімдеген кезде оны қайтару мүмкіндігін де ескеру керек. Бірақ қаржылық сауаттылықтың төмендігінен бұған мән бермейміз. Кредит алып, қарызға белшесінен бату салдарынан және оны төлей алмағандықтан қарыз алушылардың суицидке, қылмысқа баратын деректері кездесіп жатыр", – деді шенеунік.

Биыл несиесін қайтара алмаған 12 қазақстандық қол жұмсап, қайтыс болды. Олар – Алматы қаласы, Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, БҚО, Қызылорда, Қостанай және Павлодар облыстарының тұрғындары. Қыркүйектің аяғында тағы бір осындай дерек БАҚ-та жария болды.