Әншінің гонорары – 1 млн теңге.
Салтанат Бақаева қыз ұзатқаны үшін қанша гонорар алатынын айтты
12,220
оқылды

Салтанат Бақаева алғаш қалай тойға шыққанын айтып берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ол табысының тойдан болып жатқанын атап өткен. Оның өзінде тойда өнер көрсетуге кездейсоқ шығып кетіпті.

"Әдейі қыз ұзату үшін ән жаздырмадым. Өзімнің құрбым тұрмысқа шыққанда, күйеуім Нұржан бара алмай қалды. Жалғыз барғасын, халық ән сұрайды ғой енді. Сосын "Келесі апта той. Тезірек жазып берші" деп дос композиторға бардым. Бір апта ішінде "Әгугай, құрбым" әнін жазып берді. Тегін келген дүние. Шу да болды ғой. Қазір бәрі жақсы. Ән заңды түрде менікі, менің атымда. Тыңдарманның көңілінен шықты", – дейді Бақаева. 

Оның пайымынша, әр адамның өз ризығы болады.

"Өзгемен салыстырудың қажеті жоқ. Сұраныс жақсы. Жасырудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Тойға шығатын гонорарым – 1 млн теңге", – деді Салтанат.