Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Онда сенаторлар Еуразиялық қайта сақтандыру ком­паниясын құру туралы келісімді рати­фикациялады және депутаттық сауалдарын жолдады.
Көгалдандыру саласында кемшілік көп
469
оқылды

Отырыс барысында «Еуразиялық қайта сақтан­дыру компаниясын құру туралы келісімді рати­фикациялау туралы» заң қаралды. Халықаралық қар­жы ұйымы – Еуразиялық қайта сақтандыру ком­паниясының қызметі Еуразиялық эко­номика­лық одаққа мүше елдердің сауда-экономикалық байланыстарын арттыруға және экспорттаушы кәсіпорындардың тәуекелдерін қайта сақтандыру жолымен инвестициялар көлемін ұлғайтуға бағытталған.

«Осы Келісім арқылы Еуразиялық қайта сақ­тандыру компаниясының мәртебесі, функциялары, басқару және оның қызметіне аудит пен ревизия жүргізу мәселелері реттеледі. Мақұлданған заң Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемле­кеттердің тауар айналымының дамуына өз ықпалын тигізеді деп сенеміз», – деді Мәулен Әшімбаев.

Компанияның Жарғысына сәйкес, тәуекелдерді бағалау, тәуекелдерді азайту, шығындарды реттеуге жәрдемдесу, маркетингтік зерттеулер жүргізу, қайта сақтандыру саласындағы консультациялық, зерттеу және ағартушылық қызмет және тағы басқа функциялар регламенттеледі.

Келісімнің шарттары бойынша капитал бір­лес­тікке мүше елдердің жарналары есебінен қалып­тасады.

Палата отырысында сенаторлар өздерінің депу­таттық сауалдарын да жолдады.

Нұрлан Бекенов көгалдандыру саласындағы кемшіліктерді атап өтті. Сенатордың айтуынша, отырғызылған көшеттердің тек 70 пайызы ғана әрі қарай өсіп кетеді. Қалғаны солып қалады. Бұл бюджеттің тиімсіз жұмсалуына әкелетіні анық.

Алишер Сатвалдиев Түркістан облысындағы су тапшылығына, автожолдардың сапасына, Сайрам ауданындағы электр желілеріне және басқа да мәселелерге қатысты инфрақұрылымдық проблема­ларға назар аударды.

Геннадий Шиповских теміржолшылардың зейнеткерлік жасын 55 жасқа дейін төмендету және жа­лақыны есептеу тәртібін қайта қарау туралы ұсы­ныс жасады.