Өскемен, Семей, Риддер, Алматы қалаларында, түнде Балқаш қаласында ауа ластанады.
Бүгін бес қалада ауа ластанады
1,108
оқылды

Синоптиктер еліміздің бес қаласындағы ауада зиянды қоспалардың жоғары болатынын болжайды, – деп хабарлайды Aikyn.kz «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамынша, 2023 жылғы 21 қазанда Өскемен, Семей, Риддер, Алматы қалаларында, түнде Балқаш қаласында ауа ластанады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – атмосфералық ауаның беткі қабатында ластаушы заттардың жиналуына ықпал ететін метеорологиялық факторлардың қысқа мерзімді ерекше жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.