Агенттік активтерді қайтару бойынша жұмыс жалғасып жатқанын мәлімдеді.
Әділет экс-министрі ұсталды
1,026
оқылды

Антикор қызметі Мемлекет басшысының заңсыз шығарылған активтерді іздеу және қайтару жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде Әділет экс-министрін лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдік бойынша ұстады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

– Ол талап етілмейтін қызметтерді көрсетуге жыл сайынғы келісімшарттар жасау арқылы үлестес компанияның мүдделерін қолдады. Бұл әрекет мемлекетке үлкен зиян келтірді, – делінген агенттік дерегінде.

Агенттік активтерді қайтару бойынша жұмыс жалғасып жатқанын хабарлайды.