2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдердің мөлшері артады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Тиісті қаулыға Премьер-министр Әлихан Смайылов қол қойды.
Құжат бойынша 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап еңбекке қабілеттілігінен айырылу және әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік қорынан асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша тағайындалған әлеуметтік төлемдер 7%-ке артады.
Бұған еңбекке қабілеттілігінен айырылған 87 мыңға жуық адам және асыраушысынан айырылған 59 мың отбасы кіреді. Бұл мақсаттарға қосымша 5 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалады.