Ол көрші елге әйелімен бірге қоныс аударған.
Қазақстан тұрғыны соғысқа бару үшін Ресейге көшіп кеткен
865
оқылды

Қазақстандық ер адам азаматтығын ауыстырып, соғысқа аттану үшін Ресейге көшіп кеткен. Бұл туралы Aikyn.kz Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ол көрші елге әйелімен бірге қоныс аударған. Қазір олар Ресейдің азаматтығын алу үшін құжаттарды жеңілдетілген тәртіппен ресімдеуде. Мұны Ресей Ішкі істер министрлігінің Курган облысы бойынша басқармасы растады.

Ер адам Қазақстанда танк әскерлері қатарында қызмет еткен. Курган облысына келгеннен кейін, Ресей Федерациясының азаматтығын алуға және келісімшарт бойынша әскери қызметке баруға болатынын білген.

Ерлі-зайыптылар алдағы уақытта облыста қалуды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, Ресей президенті Владимир Путиннің Жарлығына сәйкес, арнайы операция кезінде Ресей қорғаныс министрлігімен бір жылға келісімшарт жасасқан шетел азаматтары Ресей азаматтығын алуға құқылы. Жеңілдетілген тәртіп жұбайына, балаларына және ата-аналарына да қатысты. Өтініштер үш ай ішінде қаралады.