Ол Қаңтар оқиғасынан кейін Әділет министрі лауазымнан кеткен болатын.
Марат Бекетаев қамауға алынды – БАҚ
1,002
оқылды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаевты ұстады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Tengrinews.kz- ке сілтеме жасап. Ол бүгін қамауға алынған.

Еске салайық, бұған дейін Антикоррупциялық қызмет бұрынғы Әділет министрін лауазымдық өкілеттерін асыра пайдаланды деген күдік бойынша ұстағанын хабарлаған едік.

Антикордың баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол талап етілмейтін қызметтерді көрсетуге жыл сайынғы келісімшарттар жасау арқылы үлестес компанияның мүдделерін қолдаған. Бұл әрекет мемлекетке үлкен зиян келтірген. Қазір активтерді қайтару бойынша жұмыс жалғасып жатыр.

Марат Бекетаев 2007-2010 жылдары әділет вице-министрі қызметін атқарған.

2010-2015 жылдары Әділет министрлігінің жауапты хатшысы болды.

2015 жылғы желтоқсаннан 2016 жылғы қыркүйекке дейін – Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары, 2016-2022 жылдары Әділет министрі болды.

Ол Қаңтар оқиғасынан кейін бұл лауазымнан кетті.

2022 жылғы қаңтардан бастап Премьер-министрдің кеңесшісі қызметін атқарды. Бұл лауызымнан 2022 жылғы желтоқсанда босатылды, алайда бұл туралы тек 2023 жылғы ақпанда белгілі болды.