Бұл күні атмосферада ластаушы заттар көбірек жиналады.
Жексенбіде Алматы қаласында ауа ластанады
1,000
оқылды

"Қазгидромет" синоптиктері 22 қазанда Алматыда ауа ластануы мүмкін екенін мәлімдеді, –  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл күні атмосферада ластаушы заттар көбірек жиналады. Республиканың басқа қалаларында ауа райы қолайлы болады.

Мұндай ауа райы кезінде:

  • көшеде, әсіресе, тасжолдардың бойында жүруді азайту керек;
  • балалар мен жүкті әйелдер ұзақ уақыт серуендемегені жөн;
  • созылмалы өкпе, жүрек-қан тамырлары, аллергиямен ауыратын адамдар өздерімен бірге дәрі-дәрмегін алып жүруге тиіс;
  • таза ауадағы физикалық белсенділікті шектеңіз;
  • денешынықтыру және спорттық іс-шараларды жабық спорт кешендерінде өткізу керек.