Алматы қаласындағы атауы жоқ саябаққа Ататүріктің есімі берілуі мүмкін, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Шешімді қала әкімі мен мәслихат депутаттары бірлесе қабылдаған. Құжат Ашық НҚА порталында жарияланды.
"Алматы қаласы Бостандық ауданы әл-Фараби даңғылының оңтүстігі, С.Сейфуллин даңғылының шығысы мекенжайындағы, "Халық банкі" мен Almaty Theatre ғимараттарының арасындағы атауы жоқ скверге "Ататүрік сквері" атауы берілсін", – делінген шешім жобасында.
Құжатқа қала әкімі мен мәслихат төрағасы қол қойып, алғашқы ресми жарияланғаннан 10 күн өткен соң күшіне енеді.