Тұрғындар алғаш жауған қарды фото, видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде бөлісіп жатыр.
Солтүстік Қазақстан облысында алғашқы қар жауды
1,118
оқылды

Солтүстік Қазақстан облысында алғашқы қар жауды. Биыл өткен жылға қарағанда ақ ұлпа шамамен бір айға кеш түсті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Kazinform-ның жазуынша, тұрғындар алғаш жауған қарды фото, видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде бөлісіп жатыр.

Айтуынша, қазіргі уақытта Айыртау ауданындағы Саумалкөлде қар жатыр.

Фотосуреттің астына Қызылжар және Тайынша аудандарының тұрғындары жазба қалдырып, оларға да қар жауғанын жазуда.

Бүгін «112» қызметі дауылды ескерту жариялап, тұрғындарды қар аралас жаңбыр жауатынын және желдің екпіні секундына 23-28 метрге дейін жететінін ескерткен еді.

Қолайсыз күн райы ертең – 23 қазан да сақталмақ. Мамандардың айтуынша, қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болуы мүмкін. Солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с жетеді, кей жерлерде 28 м/с дейін күшеюі ықтимал.

Қазіргі уақытта Петропавлда ауа температурасы -1 градусты көрсетіп тұр. Түнде -3 градусқа дейін төмендемек.

Осыған орай полицейлер жолда абай болып, автокөлік доңғалақтарын дер кезінде қысқы режимге ауыстыруды ескертіп жатыр.

Естеріңізге салайық, былтыр алғашқы қар шамамен бір ай бұрын, 27 қыркүйекте түскен еді.

Айта кетейік, QazAvtoJol бүгін кешке күн райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар жолдарда қозғалысқа шектеу енгізген болатын.

Атап айтқанда, Ақмола облысында сағат 20.30-дан бастап «Көкшетау – Атбасар» тасжолында көліктің барлық түріне қозғалысқа тыйым салынды.

Сондай-ақ сағат 22.00-ден «Астана – Көкшетау» автожолында («Астана – Щучинск – Көкшетау») шектеу енгізу жоспарланып отыр.