Мемлекет басшысының Жарлығымен бірнеше елші жаңадан тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының жарлықтарымен:
Сержан Оралбайұлы Әбдікәрімов Қазақстан Республикасының Индонезия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;
Тимур Владимирұлы Пірімбетов Қазақстан Республикасының Мексика Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды;
Дәурен Айтбайұлы Кәріпов Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.