Алматы облысында полицейлер 10 жастағы қызды зорлады деген күдікпен 60 жастағы ер адамды қамауға алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Алматы облысының полиция департаментінің мәліметінше, 17 қазан күні Жамбыл аудандық полиция басқармасында ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-бөлігімен жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«17 қазанда жедел-іздестіру іс-шаралары мен тергеу амалдары барысында қылмыс жасады күдікпен 1963 жылы туған Қ. есімді азамат анықталып, ұсталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінен.
Қазір бұлтартпау шарасына санкция беру үшін іс материалдары сотқа жіберілді. Істің тергелу барысын Алматы облыстық полиция департаментінің бастығы бақылауға алды.