25 қазан – Республика күніне орай «Elorda Aqparat» медиасеріктестігінің ұйымдастыруымен журналистер мен қаламгерлер арасында бильярдтан турнир өтеді.
Турнирдің мақсаты – Республика күні мерекесін ұлықтау, елордадағы қаламгерлер мен журналистер арасында зиялы орта мен сұхбат алаңын қалыптастыру, бұқаралық спортты насихаттау.
Турнирге Төлен Әбдік, Қойшығара Салғараұлы бастаған елімізге белгілі ақын-жазушылар, Парламент депутаттары, журналистер, медиаменеджерлер, баспасөз хатшылары, т.б. қатысады.
Жеңімпаздарға арналған негізгі жүлде қорынан бөлек биыл еліміз бойынша мерейтойлары аталып өтіп жатқан қазақтың қабырғалы қаламгерлері атындағы арнаулы сыйлықтар қарастырылған.
Сондай-ақ, үздік ойын көрсеткен қатысушылар «Мәдениетті ойыншы», «Алғашқы шар», «Мерген ойыншы», «Шебер ойыншы», «Үздік дуплет» аталымдарымен марапатталады.
Турнирдің бас төрешісі – бильярдтан әлемнің екі дүркін чемпионы Ернар Чимбаев.
Жарыс 25 қазан күні сағат 09:30-да басталады.
Турнир «Zodiak» ойын-сауық кешені, Қ.Мұңайтпасов көшесі, 3 мекенжайында өтеді.