Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаевтың ұсталғанын растап, мәлімдеме жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz .
Бұған дейін антикоррупциялық қызмет Мемлекет басшысының заңсыз шығарылған активтерді іздеу және қайтару жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде Әділет экс-министрін лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдік бойынша ұстағаны хабарланды.
«Ұсталған адамның бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаев екенін растаймыз. Қазір күдікті соттың рұқсатымен қамауға алынды. Тергеу мүддесіндегі басқа ақпарат жарияланбайды», – делінген агенттік хабарламасында.
Фото: egemen.kz