Бірқатар сараптама тағайындалды.
Ақтауда екі бала көз жұмды: Полиция кінәлі әйелге қатысты жаңа дерек айтты
848
оқылды

Маңғыстау полициясы екі баланың өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Lada.kz жазуынша, облыстық ПД тергеу бөлімінің бастығы Нұралин Баржықов Қоғамдық коммуникациялар орталығында өткен брифингте балалар өліміне әкеп соққан оқиға бойынша дезинфекция жасаған пәтер иесіне қандай үкім шығарылғанын айтты.

Оның айтуынша, балалардың өліміне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 304-бабының 3-бөлігі (екі немесе одан да көп адам өліміне әкеп соққан санитарлық ережелер немесе гигиеналық нормалардың бұзылуы) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

«Қазір тергеу жүріп жатыр. Бірқатар сараптама тағайындалды. Сараптама қорытындысынан кейін процессуалдық шешім қабылданады. ҚР Қылмыстық кодексінің баптары бойынша 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», – деді Нұралин Баржықов.

Фото: polisia.kz