22 қазанда Газа секторын атқылау салдарынан Қазақстан азаматы қаза болды. Өкінішке орай, онымен бірге Палестина азаматы болған 23 жастағы қызы да қайтыс болды.
Газа секторында қазақстандық әйел қызымен бірге қаза тапты
1,040
оқылды

Газа секторында Қазақстан азаматы қаза тапты, – деп хабарлайды Aikyn.kz Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

«2023 жылғы 22 қазанда Газа секторын атқылау салдарынан Қазақстан азаматы қаза болды. Өкінішке орай, онымен бірге Палестина азаматы болған 23 жастағы қызы да қайтыс болды», – делінген хабарлада.
 
Отандасымыз Газа секторында Палестина азаматы болып табылатын күйеуімен бірге ұзақ уақыт бойы тұрған.

Фото: bangkokbook.ru