Алматыда жол жүру ережесін өрескел бұзған көлік кортежі ұсталды, - деп хабарлайды Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
13 қазанда сағат 02.00 шамасында жергілікті полиция қызметінің мамандандырылған батальонының патрульдік жасағы Достық даңғылында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып келе жатқан көліктерді байқады. Құқық бұзушылардың жолына жедел тосқауыл қойылды.
Олардың әрқайсысына қатысты келесі құқық бұзушылықтар бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды:
– BMW M3 көлігінің жүргізушісі ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы 3-бөлігі бойынша алты ай мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылатын болады;
– ҚР ӘҚБтК-нің 599-бабы 1-бөлігі бойынша Hyundai көлігінің жүргізушісі 10 АЕК көлемінде айыппұл арқалады;
– ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 2-бөлігі бойынша Lexus және BMW M 4 көліктің жүргізушілері 10 АЕК көлемінде айыппұл арқалады. BMW M 4 көлігі мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды;
– ҚР ӘҚБтК-нің 230-бабы 2-бөлігі бойынша Mercedes-Benz көлігінің жүргізушісі 10 АЕК көлемінде айыппұл төлейді;
– ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 5*бөлігі көлігінің Mercedes-Benz көлігінің жүргізушісі 5 АЕК көлемінде айыппұл арқалады;
– ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабы 1-бөлігі бойынша BMW M6, Mercedes-Benz E63, Mercedes-Benz AMG63S көліктердің жүргізушілеріне 5 АЕК көлемінде айыппұл салынды;
– ҚР ӘҚБтК-нің 594-бабы 1-бөлігі бойынша Mercedes-Benz E63S көлігінің жүргізушісі 3 АЕК көлемінде айыппұл арқалады;
– ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы 5-бөлігі бойынша Porsche 911 Carrera GTS автокөлігінің жүргізушісі 15 АЕК көлемінде айыппұл төлейді;
– ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 2-бөлігі Porsche 911 Carrera GTS автокөлігінің жүргізушісі 20 АЕК көлемінде айыппұл арқалады.